Валюталық бақылау
Баламасы 50 000 АҚШ доллардан көп сомаға жасалатын келісімшарт үшін:
Тауарларды әкелу туралы өтініш (ТӘӨ)
ЕАЭО ішінде жеткізгенде.
Кедендік жүк декларациясы (КЖД)
ЕАЭО елдерінен тыс жерлерге жеткізгенде.
Бұл құжаттарды алғаннан кейін бірден банкке тапсырыңыз.
Егер келісімшарт бойынша қызметтер көрсетілсе, орындалған жұмыс актілері, қабылдау-тапсыру актілері немесе шот-фактуралар қажет болады.
Назар аударыңыз: Қажет болғанда Kaspi Pay қосымша құжаттар мен деректерді, сондай-ақ келісімшарттың немесе инвойстың қазақ не орыс тіліндегі аудармасын сұратуы мүмкін. Оларды нотариуста куәландырудың қажеті жоқ.
Жаңартылды 27.07.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?