Жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін ақша айырбастауға болады.
Мұны компания басшысы немесе «Басқарушы» рөлі бар қызметкер жасай алады. Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы Аударым сервисіне → Шоттарымның арасында деп өтіңі:
- есептен шығарылатын және есепке жазылатын шоттарды көрсетіңіз;
- сатқыңыз немесе сатып алғыңыз келетін соманы валютамен енгізіңіз;
Төменде ағымдағы айырбастау бағамы көрсетіледі. Ол әр 5 минут сайын жаңартылады.
- шығатын тізімнен валютаны сатып алу мақсатын таңдаңыз;
егер бір күндегі жалпы сатып алу сомасы баламасы 50 000 АҚШ долларынан асса, төмендегі мақсаттар қолжетімді емес:
резидент-банктердегі жинақ салымдарына орналастыру;
басқа резидент-банктердегі өз шоттарына аудару;
басқа бейрезидент банктердегі өз шоттарына аудару;
өтеусіз қаржылық көмек және өзге де өтеусіз аударымдар;
басқасы
валюталық келісімшартты қосыңыз немесе егер бір күндегі жалпы сатып алу сомасы баламасы 50 000 АҚШ долларынан асса, қолданыстағы келісімшартты таңдаңыз
«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулы
мұны тек Kaspi Pay веб-нұсқасында жасауға болады;
- «Растау» деп басыңыз.
Айырбастаған кезде сіз сатып алған күннен бастап 10 жұмыс күні өткеннен кейін пайдаланылмаған валютаны сатуға келісім бересіз.