Сауда орнын өшіру үшін Kaspi Кассаны ажырату керек.
Ол үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында Kaspi Касса сервисіне өтіп, қажетті орынды таңдаңыз, «Касса туралы» қосымша бетін ашып, «Kaspi Кассаны ажырату» деп басыңыз да, экрандағы кейінгі қадамдарды орындаңыз.
Содан кейін «Точки продаж и кассиры» қосымша бетіне өтіп, оң жақтағы үш нүктені басыңыз. «Алып тастау» деп көрсетіп, растаңыз.
Назар аударыңыз: Kaspi Кассаны тек компания басшысы ажырата алады.