Ауысымды жабу тәсілін таңдаңыз. Мұны Kaspi Pay мобильді қосымшасында жасауға болады: Kaspi Касса сервисіне өтіңіз, қажетті сату орнын көрсетіп, «X, Z-есептерге» басыңыз.
Ауысымды автоматты түрде жабу
Ауысым күн сайын 00:00-де жабылады. Өз бетіңізше ештеңе жасаудың қажеті жоқ.
Қолмен жабу
Жұмыс күнінің соңында «Ауысымды жабу» деп басыңыз. Егер мұны өзіңіз жасамасаңыз, онда басталғаннан кейін 24 сағаттан кейін ауысым автоматты түрде жабылады.
Ауысым жабылғаннан кейін Z-есеп бірден жасақталады. Ол басшыға, сондай-ақ «Басқарушы» немесе «Бухгалтер» рөліндегі қызметкерлерге қолжетімді.