Kaspi Pay
/
Серіктестер үшін Kaspi Гид
/
Kaspi Касса
/
Топ 10 сұрақ
Топ 10 сұрақ
- Жаңартылды 13.03.2025
Kaspi Касса оңай жұмыс істейді:
- Kaspi Gold, Kaspi Red+ және Kredit арқылы немесе қашықтан төлегенде фискалдық чек Kaspi.kz мобильді қосымшасында сатып алушыға әп-сәтте жіберіледі;
- Kaspi.kz-тегі Магазинде чек клиентке ол тауарды алғаннан кейін бірден жіберіледі, ал сатушының кабинетінде тапсырыстың күйі «Берілді» деп өзгереді;
- егер төлем тәсілі қолма-қол ақшамен немесе басқа банктің POS-ы арқылы болса, кассир клиентке чекке сілтеме бар SMS жібере алады.
Берілген чектер туралы ақпарат салық органдарына автоматты түрде жіберіледі. Сөйтіп сіз клиентпен ақшалай есеп айырысуды тіркейсіз және ҚР салық заңнамасының талаптарын сақтайсыз.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?