Kaspi Касса — бұл Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы сервис, онда Kaspi POS, басқа банктің POS-терминалы арқылы және қолма-қол, ақшамен төлем қабылдағаннан кейін фискалдық чектер жасақталады.
Берілген чектер туралы, ақпарат салық органдарына автоматты түрде жіберіледі. Сөйтіп сіз клиентпен, ақшалай есеп айырысуды тіркейсіз және ҚР салық заңнамасының талаптарын сақтайсыз.
Сізге кассалық аппарат сатып алудың және қызмет көрсетілгені үшін комиссия төлеудің қажеті жоқ.
Сатып алушы Kaspi QR-мен, Kaspi Gold-пен немесе қашықтан төлегенде Kaspi.kz мобильді қосымшасында фискалдық чек алады. Kaspi.kz-тегі Магазинде бұл клиент тауарды алғаннан кейін бірден жүзеге асады, ал сатушының кабинетінде тапсырыстың күйі «Берілді» деп өзгереді
Егер клиент басқа банктің картасымен немесе қолма-қол, ақшамен зат сатып алса, сіз оның телефон нөміріне чекке сілтеме бар SMS жібере аласыз.
Kaspi Кассамен барлық операциялар бойынша толық есепті, сондай-ақ әр сауда орны бойынша егжей-тегжейлі, ақпаратты Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы Kaspi Касса сервисінде көруге болады.
Kaspi Касса бойынша ауысым күнделікті 00:00-де автоматты түрде жабылады. Сізге оны өз бетіңізше жасаудың қажеті жоқ.
Содан кейін сауда орны бойынша басшыға, сондай-ақ «Басқарушы» немесе «Бухгалтер» рөліндегі қызметкерлерге қолжетімді Z-есеп бірден жасақталады.