Иә. Kaspi Кассаны компанияның басшысы, сондай-ақ «Басқарушы» немесе «Бухгалтер» рөліндегі қызметкер қоса алады.
Kaspi Pay мобильді қосымшасында Kaspi Касса сервисіне өтіңіз, Kaspi.kz-тегі Магазиндегі орынды таңдаңыз. Сосын «Kaspi Кассаны қосу» деп басыңыз да, экрандағы әрекеттерді орындаңыз.
Егер «Басқарушы» немесе «Бухгалтер» рөлінде болсаңыз, өтінімді басшы растауы керек. Оған Kaspi Pay қосымшасында хабарлама келеді.
Содан кейін Kaspi Касса автоматты түрде ФДО Kaspi-де тіркеледі және МКК-ға есепке қойылады. Kaspi Pay мобильді қосымшасында компанияның басшысына Kaspi.kz-тегі Магазинде Kaspi Касса арқылы фискалдық чектерді жасақтау мүмкіндігі туралы хабарлама келеді.
Ақы қабылдаған кезде фискалдық чек клиент тауарды алғаннан кейін автоматты түрде жасақталады, ал сатушының кабинетінде тапсырыстың күйі «Берілді» деп өзгереді.
Клиент чекті Kaspi.kz мобильді қосымшасында қарай алады: Магазин → Тапсырыстарым. Ол қажетті тапсырысты таңдап, «Тапсырыс мәліметтері» деп басу керек.
Жаңартылды 10.09.2025Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Қосу