Иә. Ұлттық тауарлар каталогы (ҰТК) — Қазақстан аумағында сатылатын тауарлардың бірыңғай мемлекеттік базасы. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Kaspi Касса ҰТК-пен біріктірілген.
Сіз тауар Kaspi Касса каталогыңызға штрихкод бойынша қоса аласыз: оны мобильді POS немесе Smart POS-тың көмегімен сканерлеңіз, содан кейін ол туралы ақпарат бірыңғай ТҰК базасынан алынады.
Егер тауар каталогта болмаса, Kaspi Касса оған 30 күнге уақытша код береді. Осы уақыттың ішінде сіз тауарды ҰТК-қа тіркей аласыз.
Мерзім өткен кезде сіз өзекті штрихкодты көрсетуіңіз керек. Сізге бұл туралы хабарлама келеді. Мұны бірнеше тәсілмен жасауға болады:
Smart POSКаталог → Каталогты өңдеу деп өтіп, қажетті тауарды таңдаңыз;
құрылғының сол жағындағы батырманы басып, сканерді штрихкодтың үстіне апарыңыз немесе
оны қолмен енгізіңіз.
Kaspi Pay мобильді қосымшасындаҚызметтер → Kaspi Касса → Каталог → Каталогты өңдеу деп өтіп;
қажетті тауарды таңдаңыз;
басып, жақтауды штрихкодтың үстіне апарыңыз немесе оны қолмен енгізіңіз.
Жаңартылды 01.01.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Тауарлар мен қызметтер каталогы