Ол үшін Kaspi Pay қосымшасында мына бөлімге өтіңіз: Аударым → Өз шоттарым арасында:
- есептен шығару шоты — картаны таңдаңыз;
- аудару шоты — теңгемен ашылған қажетті шот;
- соманы көрсетіп, «Аудару» деп басыңыз.
Сондай-ақ мына бөлімде-де, ақша аударуға болады: Жеке Банк → Карта → Әрекеттер→ Аудару.
«Қайдан» жолында картаны, «Қайда» жолында, ақша аударуға арналған шотты таңдап, соманы енгізіңіз.
Аударымды растау үшін SMS-тегі кодты енгізіңіз.