Бизнес Кредит автоматты түрде өтеледі: күн сайын шоттан белгіленген сома алынады. Ол әр кредит жағдайында жеке айқындалады. Оны Kaspi Pay қосымшасынан көре аласыз: «Жеке Банк» сервисіне өтіңіз, қажетті кредитті таңдап, «Төлем күнтізбесі» деп басыңыз.
Ақша тек ағымдағы күнгі сатылымнан алынады. Егер ол жеткіліксіз болса, сома клиент сатып алған заттың ақысын төлегеннен кейін бірден алынады. Егер түсім болмаса, Kaspi Pay шотына ақша салып, мерзімін өткізіп алмау үшін сол айдағы берешекті төлеу керек.
Соңғы төлем жасалғаннан кейін Kaspi Pay қосымшасында сізге Бизнес Кредиттің толық өтелгені туралы хабарлама келеді.
Күнделікті төлемді есептеу формуласы:
Ай сайынғы төлем сомасы / Ағымдағы айдағы күндер саны
Мысал:
Бизнес Кредит бойынша ай сайынғы төлеміңіз – 300 000 теңге.
Ағымдағы айдағы күндер саны – 30 күн.
Күнделікті төлем – 10 000 теңге.
Жаңартылды 12.08.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Өтеу