Анықтаманы тек компанияның басшысы ала алады.
Берешек туралы (2-Картотека) анықтаманы алудың бірнеше тәсілі бар:
- Kaspi Pay мобильді қосымшасында
«Жеке Банк» сервисіне өтіп, шотты таңдаңыз, ары қарай Ақпарат → Анықтамалар → Берешек туралы (2-Картотека) қосымша бетінде құжаттың сізге қажетті тілін таңдаңыз, «Жүктеу» деп басыңыз.
Анықтаманы басып шығару үшін оны смартфоныңызға орнатылған кез келген бағдарламаның көмегімен өзіңізге поштаға жіберіңіз.
- Kaspi.kz бөлімшесінде
Жеке басты куәландыратын құжат пен мобильді телефон қажет болады.
Сондай-ақ ЖК басшысы Kaspi.kz бөлімшелерінде анықтаманы өзі басып шығара алады. Ол үшін принтердегі QR-кодты сканерлеңіз, содан кейін «Берешек туралы (2-Картотека)» анықтамасын таңдап, экрандағы келесі қадамдарды орындаңыз.
Анықтама әп-сәтте және тегін беріледі. Ол берілген күні жарамды.
Анықтаманы қалай алу керектігі жөнінде бейнеролик көруді ұсынамыз: