• Қызметкерді компанияның басшысы, басқарушы және Kaspi.kz-тегі Магазиннің кіру мүмкіндігі кеңейтілген менеджері қоса алады.

     

    Ол үшін Сервисы → Настройки → Сотрудники → Добавить деп өтіңіз. Cодан кейін қызметкердің рөлін «Менеджер Магазина на Kaspi.kz» деп таңдап, оның телефон нөмірі  мен атын енгізіңіз.

     

    Жаңа пайдаланушыға тіркелу үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасын жүктеуге сілтеме бар SMS келеді.

     

    «Менеджер Магазина на Kaspi.kz» рөлі бар қызметкер: 

     

    • тауарларды қоса алады және сатуға қоя алады; 
    • бағаларды өзгерте алады; 
    • тапсырыстарды өңдей алады.

     

    Менеджер басқа қызметкерлерді қосып, қойманың жұмыс кестесін басқару үшін оған кеңейтілген кіру мүмкіндігін беріңіз.

     

    Ол үшін Kaspi.kz-тегі Магазиннің веб-нұсқасында Остальное → Пользователи деп өтіңіз. Қажетті қызметкерді таңдап, ✏️ басыңыз. «Расширенный доступ» бөлімінде «Добавление других менеджеров и управление графиком склада» дегенді  қанатша белгісімен белгілеңіз.

    Жаңартылды 03.03.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?