- Жаңартылды 25.02.2025
Қызметтер → Реттеу → Қызметкерлер → Қосу деп өтіңіз. Cодан кейін қызметкердің рөлін көрсетіңіз, оның телефон нөмірін және атын енгізіңіз.
Kaspi Pay мобильді қосымшасында компанияның басшысы әртүрлі қолжетімділік деңгеймен қызметкерлерді қоса алады:
Басқ арушы
шоттарды қарайды;
ақша аударады және төлемді өткізеді;
сату орындарын баптайды;
қызметкерлерді қосады;
Kaspi Pay-дегі Бөліп төлеу науқандарына қосылады;
Kaspi.kz-тегі Магазинде науқандарды тексереді;
тауар жарнамасын іске қосады;
тауарларды қосады және сатылымға шығарады;
бағаларды өзгертеді;
тапсырыстарды өңдейді.
Бухгалтер
шоттарды қарайды;
сату бойынша үзінді көшірмелер мен есептерді шығарады;
төлемді өткізеді;
салық төлейді;
сату орындарын баптайды;
кассирлерді қосады;
төлем қабылдайды.
Кассир Kaspi QR-мен және қашықтан төлем қабылдайды;
қайтаруды ресімдейді.
Kaspi.kz-тегі Магазиннің менеджері тапсырыстарды қабылдайды;
қайтаруды өңдейді;
тауарларды қосады.
Маркетинг менеджері Kaspi Pay-дегі Бөліп төлеу науқандарына қатысатынын растайды;
Kaspi.kz-тегі Магазинде тауар жарнамасын іске қосады.
Жаңа пайдаланушыға тіркелу үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасын жүктеуге сілтемесі бар SMS келеді.
Содан кейін «Басқарушы» немесе «Бухгалтер» рөлі бар қызметкер Kaspi Pay веб-нұсқасына кіре алады. Ол үшін өзінің телефон нөмірі мен есептік жазбасының паролін енгізіп, өзінің Kaspi Pay мобильді қосымшасы арқылы QR- кодты сканерлеу керек: Сервистер → Баптау →Kaspi Pay веб-нұсқасына кіру.Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?