Kaspi Pay / Серіктестер үшін Kaspi Гид / Мобильді қосымша / Баптау және қауіпсіздік Баптау және қауіпсіздік
  • Шоттарыңызды қауіпсіз ету үшін мына ережелерді сақтаңыз.

     

    1.  Kaspi Pay-дің және телефонның операциялық жүйесінің автожаңартуын қосыңыз.

     

    2.  Қосымшаларды AppStore, Google Play немесе AppGallery-ден жүктеңіз.

     

    3.  Kaspi Pay қосымшасына кіретін смартфонға кіру кодын, Face ID немесе саусақ ізі бойынша кіруді орнатыңыз.

     

    4.  Төлем мен аударымды растайтын кіру коды мен деректерді құпия сақтаңыз.
    Егер біреу телефон, WhatsApp немесе Telegram арқылы код беруді өтінсе, олар алаяқтар. Kaspi Гид-пен чатқа  жазыңыз – біз шара қолданамыз.

     

    5.  Kaspi Pay-ге қызметкерлерді қосыңыз.
    Компанияңыздың қызметкерлеріне жеке кабинеттің паролін бермеңіз. Қызметкерлер төлем қабылдап, шоттарды қарап, науқандарға қатысу үшін, оларды қосымшаға қосып, рөлдерді тағайындаңыз.

     

    6.  Бөгде адамдардың смартфоныңызды алмауын қадағалаңыз.

     

    7.  Телефонға антивирус орнатыңыз.

     

    8.  Смартфонның  бағдарламасын бұзбаңыз.
    Операциялық жүйені ауыстыруға, әкімшінің немесе әзірлеушінің құқықтарын алуға тырыспаңыз

     

    9. Kaspi Pay-ге кіргенде VPN мен қоғамдық Wi-Fi ажыратыңыз.

     

    Жаңартылды 27.05.2024
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?