Ол үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында «Точки продаж и кассиры» бөліміне өтіңіз:
- «Добавить точку продаж» деп басыңыз;
- атауы мен мекенжайын көрсетіңіз.
Атауы үшін тек әріптерді немесе цифрлар мен әріптерді пайдалана аласыз. Егер атауда:
эмодзи;
арнайы таңбалар;
тек цифрлар;
арандатушылық сөздер;
нормативтік емес лексика;
«Kaspi» немесе «Каспи» сөздері болса, сату орнын қоса алмайсыз.
Егер сізде 10 немесе одан көп сату орны болса, жаңасын қосқанда Kaspi Pay тексеру жүргізеді. Ол бизнестің сенімді екеніне көз жеткізу үшін қажет.
Нәтижесі Kaspi Pay мобильді қосымшасына 1 жұмыс күні ішінде жіберіледі. Бас тартылған жағдайда, сату орнын 1 айдан кейін қайта қосып көруге болады.
Kaspi Pay-де сату орындарын баптап, кассирлерді қалай қосу керектігі туралы бейнематериалды қарауды ұсынамыз: