Өзара есеп айырысу
  • Орындалған жұмыстар актісі – Kaspi Pay-дің серіктеске қызмет көрсеткенін, оның бұл қызметтерді қабылдағанын растайтын құжат.

     

    Актіде мыналар көрсетіледі:

    жұмыс орындалған күн;

    Kaspi Pay мен серіктестің реквизиттері;

    қызмет көрсету туралы шарт;

    орындалған жұмыс туралы ақпарат;

    бір ай үшін төлем сомасы;

    серіктестен растама түскен күн.

     

    Серіктестер құжатты екі тәсілмен ала алады:

     

    Kaspi Pay қосымшасында

    Жеке Банк → Kaspi Pay Шоты → Ақпарат → Құжаттар → Орындалған жұмыстар актісі бөліміне өтіп, қажетті ұйым мен кезеңді таңдаңыз. «Құжатты алу» деп басыңыз. Оны PDF форматында жүктеп алуға немесе смартфоныңызға орнатылған мессенджер мен электрондық пошта арқылы жіберуге болады.

     

    Kaspi Pay қосымшасында орындалған жұмыстар актісін басшы және «Басқарушы» немесе «Бухгалтер» рөлі бар қызметкерлер ала алады.

     

    ЭШФ АЖ сайтында

    Тіркеліп, ұйымның электрондық мекенжайын көрсетіңіз. Құжат қолжетімді болған кезде, поштаңызға сілтемесі бар хабарлама келеді, бұл сілтеме бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қоюға болады.

     

    Назар аударыңыз: өткен айдағы орындалған жұмыстар актілері келесі айдың 11-інен бастап қолжетімді болады. Мысалы, қазан айының құжаттары 11 қарашада пайда болады.

    Жаңартылды 22.10.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?