Оны жасаудың бірнеше тәсілі бар:
Kaspi Pay қосымшасында
Жеке Банк → Kaspi Pay шоты → Ақпарат → Құжаттар → Орындалған жұмыстар актісі бөліміне өтіп, қажетті ұйым мен кезеңді таңдаңыз. «Құжат алу» деп басыңыз. Құжатты PDF форматында жүктеп алуға немесе смартфоныңызға орнатылған мессенджер не электрондық пошта арқылы жіберуге болады.
Kaspi Pay қосымшасында орындалған жұмыстар актісін басшы және «Басқарушы» не «Бухгалтер» рөлі бар қызметкерлер ала алады.
ЭШФ АЖ сайтында
Тіркеліп, ұйымның электрондық поштасының мекенжайын көрсетіңіз. Құжат қолжетімді болғанда, электрондық поштаңызға хабарлама мен сілтеме келеді, ол бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қоюға болады.
Назар аударыңыз: өткен айдың орындалған жұмыстар актісі келесі айдың 11-інен бастап қолжетімді болады. Мысалы, тамыз айының құжаттары 11 қыркүйекте шығады.
Жаңартылды 24.08.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Өзара есеп айырысу