Анықтаманы тек компанияның басшысы ала алады.
Шоттардағы қалдық туралы анықтаманы алудың бірнеше тәсілі бар:
- Kaspi Pay мобильді қосымшасында
Гид сервисіне → Анықтамаларды алу сервисі → Шоттардағы қалдық туралы деп өтіңіз, құжаттың сізге қажетті кезеңін, тілін көрсетіп, «Жүктеу» деп басыңыз.
Анықтаманы басып шығару үшін оны смартфоныңызға орнатылған кез келген бағдарламаның көмегімен өзіңізге поштаға жіберіңіз.
- Kaspi.kz бөлімшесінде
Жеке басты куәландыратын құжат пен мобильді телефон қажет болады.
Сондай-ақ ЖК басшысы Kaspi.kz бөлімшелерінде анықтаманы өзі басып шығара алады. Ол үшін принтердегі QR-кодты сканерлеңіз, содан кейін «Шоттардағы қалдық туралы» анықтамасын таңдап, экрандағы келесі қадамдарды орындаңыз.
Анықтама әп-сәтте және тегін беріледі. Ол берілген күні жарамды.