• 4.

    Kaspi Pay-ден қалай ажыратуға болады?

    Жаңартылды 03.05.2024

    Ол үшін ұйым басшысы Kaspi Pay мобильді қосымшасында Сервисы → Настройки → Завершить сотрудничество деп өтіп, экрандағы кейінгі әрекеттерді орындау керек.

     

    Күнделікті сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін ажыратуға болады. Kaspi Pay шоты автоматты түрде жабылады.

     

    Егер:

     

    • Ажыратуға өтінім берілген күні қаржылық операциялар жүргізілсе.
      Мысалы, төлем қабылдасаңыз немесе ақша аударсаңыз.
       
    • Kaspi Pay шотында ақша қалды.
      Қалдықты өзіңіздің Kaspi Gold-ыңызға аударыңыз, егер сіз ЖК болсаңыз: Переводы → Между своими счетами.
      Компанияның басқа банктегі шотына: Переводы → Контрагенту сервисіне өтіңіз.
       
    • Сату орнында Smart POS бар.
      Kaspi Pay мобильді қосымшасында «Точки продаж и кассиры» бөліміне өтіп, қажеттісін таңдаңыз. Қажетті құрылғыға қарама-қарсы үш нүктені, содан кейін — «Вернуть Smart POS» деп басып, әрекетті растаңыз. Курьер терминалды алып кетеді.
       
    • Бизнес Кредит өтелмеген.
      Kaspi Pay мобильді қосымшасында «Мой Банк» сервисінде қажетті кредитті таңдап, «Полное досрочное погашение» деп басыңыз. Соманы енгізіңіз, төлем тәсілін таңдап, «Оплатить» деп басыңыз да, экрандағы кейінгі әрекеттерді орындаңыз. Бизнес Кредитті әрдайым айыппұлсыз және комиссиясыз мерзімінен бұрын өтеуге болады.
       
    • Kaspi.kz-тегі Магазинде сатып алушыларға жеткізілмеген тауарлар қалды.
      Барлық тапсырысты жіберіңіз, олардың мәртебесі «Берілді» деп өзгеруі керек.
       
    • Сіз төлемді «Платежи на Kaspi.kz» сервисі арқылы қабылдайсыз.
      Сервистен ажыратылу үшін өтінішті толтырып, құжаттың сканерленген көшірмесін pay@kaspi.kz-ке жіберіңіз
      Сіз жауапты хат жіберген электрондық поштаға аласыз.
       
    • Дебиторлық берешек бар.
      Берешек есептен шығарылу үшін шотқа қажетті соманы салыңыз. Мұны Kaspi Gold-тан Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы ағымдағы шотқа Kaspi Банкоматтан аудару арқылы және Kaspi.kz бөлімшесінің кассасында жасауға болады.
       
    • Шоттарға шектеу қойылған.
      Оны тексеру үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында «Мой Банк» сервисіне өтіп, қажетті шотты таңдаңыз — ақпарат экранға шығады. Шектеу алынғаннан кейін қайта өтінім беріп көріңіз.
       
    • Валюталық келісімшарт есептен шығарылмаған.
      Переводы → Оплата по контрактам
      сервисінде қажеттісіне оны есептік тіркеуден шығару туралы өтінішті тіркеңіз. Құжатта келісімшарттың нөмірі мен күнін, оның есептік нөмірін (КЕН) және есептен шығару себебін көрсетіңіз, сондай-ақ қолыңызды қойыңыз. Келісімшарт 3 күннің ішінде есептен шығарылады. Сондай-ақ Kaspi Pay қосымша құжаттарды сұратуы мүмкін. Бұл жағдайда мерзім ұзартылады — 

     

    сіз бірден ажырата алмайсыз.

    Қолданушылардың 73% жауапты пайдалы деді. Жауап пайдалы болды ма?