Құқықтық сұрақтар
  • Kaspi ЖШС басшысының қайтыс болғанын растайтын мәліметті алғаннан кейін, ЖШС басшысының да, Kaspi Pay-дегі барлық қызметкердің де есептік жазбалары бұғатталады.

     

    Kaspi Pay-дегі есептік жазбаға кіру мүмкіндігін қалпына келтіру үшін жаңа басшы Kaspi.kz-тің кез келген бөлімшесіне барып, мына құжаттарды беруі керек:

     

    • жеке басын куәландыратын құжат;
    • egov.kz-тен заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелгені туралы анықтама;
    • жаңа басшыны тағайындау туралы бұйрық;
    • оны тағайындау туралы шешім немесе хаттама.

     

    Қажет болған жағдайда, Kaspi қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.

     

    Жаңартылды 21.07.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?