• «Аналитика» — Kaspi Pay-дегі сервис, ол Kaspi.kz-тегі Магазиннің серіктестеріне сатылымды бақылауға, даму мүмкіндіктерін анықтауға және нәтижені бағалауға көмектеседі.

     

    Сервисте дүкеніңіздің әртүрлі кезеңдегі көрсеткіштерін салыстырып, мыналарды:

     

    • сатылымның қанша табыс әкелгенін;

     

    • клиенттердің қанша тауар алғанын;

     

    • тауар карточкасында немесе санатта сатылымның қанша үлесін иеленіп отырғаныңызды;

     

    • сатып алушылардың карточкаларға қанша рет өткенін;

     

    • тауардың өз санатында қаншалықты жиі сатып алынатынын көруге болады.

     

    Осы көрсеткіштер бойынша серіктестер сатып алушыларға қандай ұсыныс қызықты екенін, сату көлемі қай жерде артып немесе төмендеп жатқанын және қай тауарға көбірек көңіл бөлу керектігін бақылай алады: оларға жарнаманы немесе бонус берілетін науқанды іске қоса алады, бағасын өзгертіп, карточкадағы сипаттаманы немесе фотосуреттерді жақсарта алады.

     

    Нәтижесін сату аймағы немесе бренд бойынша іріктеуге болады.

     

    Негізгі көрсеткіштер кестеде белгіленген және күн, апта және ай бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар Kaspi.kz-тегі Магазиннің науқандары және Kaspi Жұма кезінде олардың қалай өзгергенін көруге болады.  

     

    Барлық нәтиже көрсетілген есепті Excel пішімінде жүктеп алып, мессенджер немесе электрондық пошта арқылы жіберуге болады.

    Жаңартылды 29.09.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?