• 1.

    Kaspi.kz-те бос жұмыс орны туралы хабарландыруды қалай береді?

    Жаңартылды 26.09.2023

    Kaspi.kz-тегі «Хабарландыру» сервисінде «Беру» деп басыңыз.


    Сосын: 

    • Атауын ойлап табыңыз.
      Ол 5-тен бастап 75-ке дейінгі таңбадан тұруы мүмкін. Атауын бас әріппен жазуға және жалақыны көрсетуге болмайды.
       
    • «Жұмыс» санатында «Қызметкерді іздеймін» бөлімін таңдаңыз.
       
    • Бос жұмыс орнының сипаттамасын: қызмет саласын, мамандықты, тәжірибесі мен жұмыс кестесін толтырыңыз.
      Компанияның атауын, қызметкерге қойылатын талаптар мен оның міндеттерінің сипаттамасын енгізіңіз – кемінде 20 таңба.
       
    • Жалақыны теңгемен және төлейтін кезеңін көрсетіңіз: бір ай, ауысым, күн немесе сағат үшін.
       
    • Суреттерін қосыңыз.
      5 суретке дейін тіркеуге болады.
       
    • Байланыс деректерін қалдырыңыз.
      Қажет болса, қаланы өзгертіңіз. Сондай-ақ жұмыс мекенжайын көрсетуге болады.
      Сіз Kaspi.kz мобильді қосымшасында тіркелген телефон нөмірі автоматты түрде толтырылады. Сіз оны өзгерте аласыз не қосымша телефонды қосуға болады.

       
    • «Хабарландыруды беру» батырмасын басыңыз.

     

    Хабарландыру берілгеннен кейін 5 минуттан соң жарияланады. Сізге ол туралы Push- хабарлама келеді. Сондай-ақ сіз оны Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы «Хабарлама» сервисінен қарай аласыз.

    Қолданушылардың 67% жауапты пайдалы деді. Жауап пайдалы болды ма?