Барлық өнімдер Kaspi Pay
Kaspi.kz-тегі Хабарландыру
Шарттары
Kaspi.kz-тегі «Хабарландыру» сервисінде «Беру» батырмасын басыңыз. Содан кейін:
- Атауын ойлап табыңыз.
Ол 5-тен 75-ке дейінгі таңбадан тұруы мүмкін. Атауын бас әріптермен жазуға және бағаны көрсетуге болмайды.
- Санатты таңдаңыз.
- Сипаттамасын толтырыңыз.
Кемінде 20 таңба болуы керек.
- Тауардың жағдайын көрсетіңіз
Назар аударыңыз: Apple санатына тек бұрын пайдаланылған жабдықты орналастыруға болады.
- Бағасын теңгемен көрсетіңіз немесе «Бағасын келісеміз», «Тегін беремін» деп белгілеңіз.
- Фотосуретін қосыңыз.
Ең көбі 100 сурет тіркеуге болады.
- Байланыс деректерін қалдырыңыз.
Қаласаңыз қалаңыз бен мекенжайыңызды көрсетіңіз. Сатып алушылар хабарласа алатын телефон нөмірін қосыңыз. Kaspi.kz қосымшасында тіркелген телефон нөмірі автоматты түрде таңдалады. Сіз оны қалдыра аласыз немесе жаңасын енгізе аласыз.
- «Хабарландыру беру» батырмасын басыңыз.
15–45 минут ішінде хабарландыруыңыз тексеріліп, жарияланады.
Жаңартылды 14.07.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?