Kaspi.kz-тегі «Хабарландыру» — бұл ыңғайлы, қауіпсіз және тегін сервис, оның көмегімен жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер тауарды сата алады, сатып ала алады не айырбастай алады, қызметті ұсынып, ала алады.
Cервисті пайдалана бастау үшін Kaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасында авторизациядан өтсе болды. Қосымша тіркелу керек емес.
Сатушылар мен сатып алушылар бір-бірімен байланыса алады, баға туралы келісе алады және сервистің чатында кез келген мәміленің басқа шарттарын талқылай алады.
Егер сатушы жеке тұлға болса, сатып алушымен байланысатын чатта екеуіне де ыңғайлы төлеу тәсілін талқылауға болады.
Бизнес мақсаттар үшін, заң бойынша, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотты пайдалану және сатып алушыларға фискалдық чектер беру керек.
Мысалы, Kaspi.kz-тің серіктесі Kaspi Pay мобильді қосымшасында қашықтан төлеуге шот қоя алады.
Сатып алушы оны қолжетімді тәсілдердің біреуімен төлейді: Kaspi Gold-пен, Kaspi Red-пен, Kaspi Бонуспен немесе Зат сатып алуға Кредит ресімдейді.