• Бірнеше себебі болуы мүмкін:

     

    Kaspi Pay шотына шектеу қойылған

    Шектеу алынғанша сатып алу ақысын төлеу мүмкін емес.
     

    ЖК басшысы мен «Басқарушы» және «Бухгалтер» рөлі бар қызметкерлер Kaspi Pay мобильді қосымшасында тыйымның бар/жоғын тексере алады.
     

    Ол үшін «Жеке Банк» сервисіне өтіп, шотты таңдаңыз. Тыйым болған жағдайда «Толығырақ» деген белсенді сілтемені көресіз. Шектеудің себебі  мен ұсыныстарды  білу үшін оған басыңыз.

    Сондай-ақ, шотқа тыйым салынғаны туралы ақпарат МКК мен Әділет министрлігінің сайтында қолжетімді.

     

    интернетке қосылмаған

    Қосылғанын тексеріп, сатып алу ақысын қайта төлеп көріңіз.

     

    шотта қаражат жеткіліксіз  

    Оны:

     

    • Kaspi Pay мобильді қосымшасында Kaspi Gold-тан ақша аудару арқылы;
    • Kaspi Банкомат арқылы;
      Компания басшысына және Kaspi Pay мобильді қосымшасында қосылған барлық қызметкерге қолжетімді.
    • Kaspi.kz бөлімшесінің кассасында.

     

    Толықтыру тегін және кез келген сомаға шектеусіз толықтыруға болады.

     

    төлеуге лимит асып кеткен

    Қызметкер басшыдан лимитті көбейтуді сұрата алады.
     

    сіз Ұлттық Банктің антифрод-орталығының тізіміндесіз

    Құқық қорғау органдары (ІІМ) алаяқтыққа ұқсас операциялар жасаған серіктестерді осы тізімге енгізеді. Мұндай жағдайда Kaspi.kz төлемді қабылдамауға міндетті.

     

    «Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулы

    Жаңартылды 30.04.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?