Тауарды қайтару үшін сізге сол затты сатып алған дүкенге хабарласу керек - оны 30 күннің ішінде жасауға болады. Сатушы сатып алудың күшін жойғаннан кейін, сома бірден Kaspi Pay шотына қайтады. Сізге Kaspi Pay мобильді қосымшасында оны растаған хабарлама келеді.
Сатып алудың күшін жою сіз төлеген елдің валютасымен жүргізіледі, бұл ретте сома Kaspi Pay шотына Kaspi.kz-тің ағымдағы бағамы бойынша теңгемен аударылады.
Сіз екі мәнді де: валютадағы соманы және теңгедегі соманы Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы «Жеке Банк» сервисінен көре аласыз. Kaspi Pay шоты → Көшірме деп басып, қажетті операцияны таңдаңыз.