• Бірнеше себебі болуы мүмкін:

     

    • Сіз Alipay + сервисі қолжетімсіз елде немесе өңірдесіз.
      Сатып алған заттың құнын Alipay + сервисі арқылы 55 ел мен өңірде төлеуге болады. Толық тізімді мына құжаттан көре аласыз.

     

    • интернет баяу немесе қосылмаған.
      Wi-Fi-ға қосылғаныңызды немесе  мобильді интернетті пайдалансаңыз, трафиктің қалдығын тексеріңіз. VPN-діөшіріңіз - ол интернетке қосу жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
       
    • телефоныңызда орналасқан жерді анықтау функциясы өшірілген.
      Оны мобильді телефонның баптауында қосыңыз.
      Android: Настройки → Местоположение или Локация деп өтіңіз.
      iOS:  Настройки → Конфиденциальность и безопасность → Службы геолокации деп ашыңыз.
       
    • Kaspi.kz  мобильді қосымшасына қайда орналасқаныңызды анықтауға тыйым салдыңыз.
      Kaspi.kz -ке геопозицияға кіруге рұқсат етіңіз.
      Android: құрылғының баптауына өтіңіз. Қосымшалар тізімінен Kaspi.kz → Разрешения → Ещё → Все разрешения деп таңдаңыз.
      iOS:  Настройки → Kaspi.kz → Геопозиция → При использовании приложения- деп ашыңыз.
       
    • Kaspi Pay шотыңызға тыйым салынған.
      Cіз төлеу әдісін Kaspi Gold-қа ауыстыра аласыз.
      Осыдан кейін сатып алған заттың құнын қайта  төлеп көріңіз. Егер сервис әлі де жұмыс істемей тұрса, бізге Kaspi Гидпен Чатқа жазыңыз. Көмектесуге тырысамыз.

     

    Назар аударыңыз: cіз көлікте болғанда геопозицияны анықтау тұрақты жұмыс істемеуі мүмкін.

    Жаңартылды 06.12.2025

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?