Kaspi Pay мобильді қосымшасында бухгалтер, басқарушы мен компанияның басшысы мына анықтамаларды ала алады:
- шоттың немесе Kaspi Pay Депозитінің бар-жоғы туралы;
- шоттағы айналымдар туралы;
- шоттағы немесе Kaspi Pay Депозитіндегі қолжетімді қалдық туралы;
- сыйақы туралы;
- шоттардағы кіріс қалдық туралы;
- мерзімі өткізілген берешектің жоқтығы туралы;
- берешек туралы (2-картотека).
Ақшаның бөлінгені туралы және берешек туралы анықтамалар тек компания басшысына қолжетімді.
Гид сервисіне → Анықтамалар алу сервисіне өтіп, қажетті анықтаманы көрсетіңіз, содан кейін сізге қажетті құжаттың тілін көрсетіп, «Жүктеу» деп басыңыз.
Анықтаманың басқа түріне тапсырыс беру үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында «Хабарлама» сервисінде бізге Kaspi Гид-пен Чат жазыңыз. Сіз оларды 3 жұмыс күні ішінде кез келген Kaspi.kz бөлімшесінде ала аласыз.
Барлық анықтама тегін беріледі.