• Бірнеше себебі болуы мүмкін:

     

    Kaspi Pay мобильді қосымшасында қызметкерді қосқан жоқсыз

    Сервистер → Компания профилі → Қызметкерлер → Қосу деп өтіңіз. Ары қарай қызметкердің рөлін көрсетіп, оның аты мен телефон нөмірін енгізіңіз. Жаңа пайдаланушыға тіркелу үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасын жүктеуге сілтемесі бар SMS келеді.

     

    қызметкердің Kaspi Pay-дегі  және Kaspi.kz-тегі телефон нөмірлері  әртүрлі

    Қызметкер Kaspi Pay шотына Kaspi Банкоматта ақша салу үшін ЖСН нөмірі бойынша авторизациядан өте алады.

     

    Мына мобильді қосымшада нөмірді өзікті нөмірге өзгертуге болады:
     

    • Kaspi Pay

      Басшы Сервистер → Компания профилі​​​​​​​ → Қызметкерлер бөліміндегі ақпаратты редакциялауы үшін, оған хабарласу керек. Содан кейін жаңа телефон нөмірімен қайта тіркеуден өту керек.

     

    • Kaspi.kz

      Мұны жасаудың екі тәсілі бар:

      Бұрынғы нөмірмен мобильді қосымшада авторизациядан өту керек. Содан кейін мәзір жолында Сервистер → Кіру/Тіркелу деп таңдап, Баптау → Телефон нөмірін өзгерту деп басу керек.

      Жаңа телефон нөмірімен тіркеліп, атыңызды және ЖСН енгізіп, нөмірдің өзгергенін растау керек.  
    Жаңартылды 05.05.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?