• Kaspi Банкоматта авторизациядан өтіңіз. Мұны бірнеше тәсілмен жасауға болады:

     

    • Kaspi Pay қосымшасы арқылы;

    Жеке Банк → Kaspi Pay шоты → Kaspi Pay шотын толықтыру сервисіне өтіңіз. Содан соң банкоматтың экранындағы QR-кодты сканерлеңіз.

    Тек басшыға және басқарушы бухгалтерге  қолжетімді.

     

    • Kaspi Банкоматтағы Kaspi Alaqan камерасына алақаныңызды жақындатыңыз;

     

    • ЖСН енгізіңіз;

     

    • Kaspi.kz қосымшасы арқылы;

    Kaspi QR сервисін ашып, банкоматтың экранындағы QR-кодты сканерлеңіз.

     

    • Kaspi Gold картасын салыңыз немесе жақындатыңыз.

     

    Егер сізде бірнеше ұйым болса, банкоматтың экранынан керегін таңдаңыз.

     

    Бұдан әрі ақша салу үшін Kaspi Pay шоты көрсетіледі.

     

    Купюраны бумасымен түйреуішсіз және қысқышсыз салыңыз. Kaspi Банкоматтар теңгедегі купюраны ғана қабылдайды. Монетамен немесе басқа валютамен ақша салу мүмкін емес.

     

    Экрандағы соманы тексеріп, «Аудару» деп басыңыз.

     

    Назар аударыңыз: Kaspi Банкомат арқылы Kaspi Pay шотына компания басшысы және Kaspi Pay мобильді қосымшасына қосылған барлық қызметкер ақша сала алады.

     

    Ақшаны салғаннан кейін Kaspi Pay қосымшасына хабарлама келеді.

     

    Шоттың күйін және толық ақпаратты кез келген уақытта Kaspi Pay қосымшасында көре аласыз: Жеке Банк → Kaspi Pay шоты → Көшірме.

    Жаңартылды 29.04.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?