Kaspi Pay мобильді қосымшасында компанияның басшысы әртүрлі қолжетімділік-деңгейі бар қызметкерлерді қоса алады:
Басқ арушы | шоттарды қарайды; ақша аударады және төлемді өткізеді; сату орындарын баптайды; кассирлерді қосады; Kaspi QR-мен науқандарға қосылады; Kaspi.kz-тегі Магазинде науқан күнтізбесін тексереді; тауар жарнамасын іске қосады. |
Бухгалтер | шоттарды қарайды; сату бойынша үзінді көшірмелер мен есептерді шығарады; төлемді өткізеді; сату орындарын баптайды;
кассирлерді қосады. |
Ол үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында Настройки → Сотрудники → Добавить деп өту керек. Ары қарай қызметкердің рөлін көрсетіп, оның аты мен телефон нөмірін енгізу керек.
Жаңа пайдаланушыға тіркелу үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасын жүктеуге сілтемесі бар SMS келеді.
Kaspi Pay мобильді қосымшасында қызметкерлерді қалай қосуға болатыны туралы бейнематериалды көруді ұсынамыз: