Kaspi Pay шотынан төлеуге лимит өзіңіз өшіргенше үнемі қолданыста болады.
Ол күн сайын автоматты түрде ұзартылып отырады.
Сатып алу ақысын төлеуге қаражаты жетпесе, қызметкер басшыдан лимитті көбейтуді сұрата алады.
Жұмыскерге қолжетімді соманы өзгерту үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында Жеке Банк → Kaspi Pay шоты → Әрекеттер → Қызметкерлерге лимит беру сервисіне өтіңіз. Қажетті жұмыскерді таңдап, Толығырақ → Лимитті өзгерту деп басыңыз.
Күндізгі лимиттің жаңа мөлшерін көрсетіңіз, содан кейін қызметкер:
- жеткізушілердің жүкқұжаттарын;
- Kaspi QR бойынша кез келген сатып алу ақысын төлей алады.
Екі нұсқаны да белгілей аласыз.