Құқықтық мәселелер
Ұйымдардың басшыларына Kaspi Pay-дегі өкілеттік мерзімі аяқталған күні автоматты түрде тағы бір жылға ұзартылады.
Егер ұзартылмаса, Kaspi Pay Шотын ашқан кезде көрсетілген электрондық пошта мекенжайынан docspartners@kaspi.kz поштасына сұрату жіберіңіз. Оған төменде көрсетілген құжаттардың скан-көшірмелерін тіркеңіз.
Заңды тұлғалар үшін:
- e-gov.kz порталынан алынған тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама мен мәліметтер. Олар сіз сұратуды жіберген күні берілуі керек.
- Компания басшысының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқадан түсірілген фотосуреті/скан-көшірмесі);
- Оның өкілеттігін ұзарту туралы бұйрық және шешім немесе хаттама.
Сенім білдірілген тұлғалар қосымша мына құжаттарды ұсынады:
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Ақша қаражатына билік ету құқығы көрсетілген жаңартылған сенімхат.
Жеке кәсіпкерлер үшін:
- Жеке кәсіпкердің және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттары (түпнұсқадан түсірілген фотосуреті/ скан-көшірмесі);
- Нотариат куәландырған жаңартылған сенімхат.
Егер ұйымның мекенжайы немесе байланыс деректері өзгерсе, сондай-ақ ұйым қайта тіркелсе, басшы толық құжаттар пакетімен және мөрімен (бар болса) кез келген Kaspi.kz бөлімшесіне хабарласуы керек.
Жаңартылды 27.08.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?