Жаңа басшы кез келген Kaspi.kz бөлімшесіне хабарласуы керек. Өзімен бірге мына құжаттарды алып келуі қажет:
Жеке куәліктің түпнұсқасы және eGov.kz порталынан алынған заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың түпнұсқасы.
Мына құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері:
- жаңа басшыны тағайындау туралы бұйрық, сондай-ақ шешім немесе хаттама.
МИБ және ПИК үшін қосымша келісу немесе дауыс беру парағын ұсыну қажет.
- егер алдыңғы басшы сенімхат арқылы тіркелген болса, сенімхаттың күшін жою туралы құжат;
- ұйымның жарғысы.
Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы мәліметтің фотосуреті немесе көшірмесі - eGov.kz порталынан алуға болады.
eGov.kz порталынан алынған барлық құжат сіз Kaspi.kz бөлімшесіне келген күні берілген болуы керек.
Егер ұйымның мөрі болса, оны бөлімше қызметкеріне көрсетіңіз.
Сондай-ақ Kaspi.kz қосымша құжаттарды сұратуы мүмкін.
Kaspi.kz бөлімшелерінің мекенжайы мен жұмыс уақытын Kaspi.kz қосымшасынан көре аласыз: Kaspi Map → Kaspi Бөлімшелерісервисіне өтіңіз.
Жаңартылды 07.07.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Құқықтық мәселелер