Мұны тек компания басшысы мен оның «Басқарушы» және «Бухгалтер» рөлімен қызметкерлері жасай алады.
Kaspi QR бойынша Kaspi Pay шотынан сатып алу туралы, ақпарат Kaspi Pay мобильді қосымшасында сақталады: Жеке Банк → Kaspi Pay шоты → Үзінді көшірме.
Қалыпты жағдай бойынша үзінді көшірмеде айдың басынан бастап деректер көрінеді. Кезеңді өзгерту үшін күндер көрсетілген жолды басып, қажет мерзімді таңдаңыз.
Барлық операция санаттар бойынша бөлінген: түсімдер, есептен шығару, төлемдер, аударымдар және т.б. Егер белгілі бір санатқа өтсеңіз, толық ақпаратты көре аласыз.
Құжатты Excel, PDF пішімінде шығарып алуға болады.
Сондай-ақ, ЖК Kaspi Pay шотынан қызметкердің сатып алған заттар мен төлемдері туралы ақпаратты қарай алады. Kaspi Pay мобильді қосымшасында Жеке Банк → Kaspi Pay шоты → Әрекеттер → Қызметкерлерге лимит беру сервисіне өтіңіз. Қажетті жұмыскерді таңдап, «Тарих» деп басыңыз. Мұнда әр төлемнің күні, түрі, сомасы және мақсаты көрінеді.
Қызметкер сатып алу ақысын төлеген немесе төлем жасаған кезде Kaspi Pay мобильді қосымшасында сізге хабарлама келеді. Онда төленгені туралы чекке сілтеме және қызметкер, оның лимиті және шоттағы қаражат қалдығы туралы ақпарат көрсетіледі.