Ақша алу
Kaspi Банкоматта авторизациядан өтіңіз. Мұны бірнеше тәсілмен жасауға болады:
- Kaspi Pay қосымшасы арқылы;
Жеке Банк → Kaspi Pay шоты → Ақша алу сервисіне өтіңіз. Содан кейін банкоматтың экранындағы QR-кодты сканерлеңіз.
- Kaspi Банкоматтағы Kaspi Alaqan камерасына алақаныңызды жақындатыңыз;
- ЖСН енгізіңіз;
- Kaspi.kz қосымшасы арқылы;
Kaspi QR сервисін ашып, Kaspi Банкоматтың экранындағы QR-кодты сканерлеңіз.
- Kaspi Gold картасын салыңыз немесе жақындатыңыз.
Содан осң банкоматтың экранындағы нұсқауларды орындаңыз.
Қолма-қол ақшаны алғаннан кейін Kaspi Pay қосымшасына растау келеді.
Шоттың күйін және толық ақпаратты кез келген уақытта Kaspi Pay қосымшасынан көре аласыз. Ол үшін Жеке Банк сервисіне өтіп, қажетті шотты таңдап, «Көшірме» деп басыңыз.
Назар аударыңыз: Kaspi Банкомат арқылы Kaspi Pay ағымдағы шотынан ақшаны компания басшысы ғана ала алады.
Жаңартылды 29.04.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?