Шоттарға тыйым салу
  • Бұл шектеудің түрі мен сомасына байланысты.

     

    Егер Kaspi Pay шотындағы ақшаның бір бөлігі бұғатталса, қалған қаражатты пайдалана аласыз:

    Kaspi Банкомат арқылы қолма-қол ақшаны компанияның басшысы ала алады;

    Бизнес Кредитті немесе Бөліп төлеп тауар сатып алуды өтей аласыз;

    ақша аударып,төлем жасай аласыз;

    Kaspi Pay сервистерінде сатып алынған заттың ақысын төлей аласыз.

     

    Шоттағы барлық сомаға тыйым салынған кезде, қолма-қол ақша ала алмайсыз. Тыйымның шарттарына байланысты бюджетке  төленетін төлемді жасауға болады.

     

    Шектеу туралы ақпаратты Kaspi Pay қосымшасынан көре аласыз. Ол үшін «Жеке Банк» сервисіне өтіңіз, қажетті шотты таңдап, «Толығырақ» деп басыңыз.

     

    Сондай-ақ мәліметтер мемлекеттік органдардың сайттарында салық берешегі туралы мәліметтерде және сот іс жүргізулері бойынша борышкерлер тізілімінде бар.

    Жаңартылды 22.07.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?