• 1.

    Маған Kaspi.kz мобильді қосымшасында бөліп төлеуді ресімдеуден бас тартылды? Неге?

    Жаңартылды 28.10.2024

    Бірнеше себебі болуы мүмкін:

     

    • Kaspi.kz-те немесе басқа банкте мерзімі өткізілген берешегіңіз бар.
      Сіз мерзімі өткізілген берешегіңізді өтеп, қайта өтінім беруіңіз керек.

     

    • Сіз 18 жасқа толмағансыз.
      Бұл – несие ресімдеу үшін ең төменгі жас.

     

    • Шоттарыңызға шектеу қойылған.
      Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы → Жеке Банк бөлімінде шотыңызға қойылған шектеу туралы ақпаратты: себебін, күнін, сомасын, толығырақ білу үшін қайда бару керектігін білуге болады.

       
    • Сіз әрекетсіз салық төлеушісіз.
      Қосымша ақпаратты білу үшін өзіңіздің ауданыңыздағы МКК-ге хабарласуыңыз керек.

       
    • Сіз Қазақстан Республикасының резиденті емессіз.
      Несиені тек резидент ресімдей алады.

     

    • «Несиені тоқтату» банк қарыздарынан ерікті бас тартуға қол қойдыңыз.

    Бұл қызметті eGov mobile мобильді қосымшасынан өшіріп, 30 минуттан кейін қайта өтінім беріп көріңіз.

     

    Әр нақты жағдайда шешім жеке қабылданады және кредиттік тарихыңыз бен төлем қабілеттілігіңізге байланысты болады.

    Қолданушылардың 78% жауапты пайдалы деді. Жауап пайдалы болды ма?