Kaspi Әмияннан қолма-қол ақша алу мүмкін емес.
Ақшаны әмияннан Kaspi Gold-ыңызға немесе Kaspi Депозитіңізге теңгемен аудара аласыз. Ол үшін Kaspi.kz-те «Аударым» сервисіне өтіп, «Шоттарымның арасында» дегенді таңдаңыз.
«Қайдан» жолағына Kaspi Әмиян, «Қайда» жолағына картаны немесе теңгемен ашылған депозитті таңдаңыз. Соманы көрсетіп, «Аударуды» басыңыз.
Содан кейін ақшаны кез келген банк банкоматынан немесе Kaspi бөлімшесінен шығарып алуға болады.
Kaspi Әмияннан 24/7 бойы әрі үнемі комиссиясыз ақша аудара аласыз.