Пойыз билетте көрсетілген станциядан жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан аз уақыт қалған жағдайда, вокзалдың билет кассасынан орынды қайтару құжатын алу керек.
Ары қарай пойыз жөнелтілгеннен кейін бір тәулік ішінде қайтадан вокзалдың билет кассасына барып, билетті қайтару туралы құжатты алу керек.
Өтінімді ресімдеуді аяқтау үшін сізге кассада берген құжатты суретке түсіру керек. Бұл «Квитанция разных сборов» немесе «Электронный вспомогательный документ» атты құжаттар болуы мүмкін. Сосын оны Kaspi.kz мобильді қосымшасына жіберіңіз: Kaspi Travel → Сапарларым → Қайтаруды ресімдеу.
Сомасы мен билетті қайтару мерзімін тасымалдаушы белгілейтінін назарға алыңыз.