Kaspi Travel сервисіне → Сапарларым өтіп, қажетті билетті таңдаңыз. «Қайтаруды ресімдеуді» басып, кейінгі әрекеттерді орындаңыз.
Пойыздың жөнелтілуіне дейін 1 сағаттан аз уақыт қалған жағдайда, билетті тек вокзалдың билет кассасында ғана қайтаруға болады:
• пойыз электрондық билетте көрсетілген станциядан шыққан жоқ.
Билет екі кезеңмен қайтарылады:
1. Вокзалдың кассасынан орынды қайтару туралы түбіртекті алыңыз. Құжат бірден беріледі;
2. Пойыз жөнелтілгеннен кейін бір тәулік ішінде кассадан екінші құжатты алыңыз. Бұл «Әртүрлі алымдардың түбіртегі» немесе «Электрондық көмекші құжат» болуы мүмкін. Оны Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы өтінімге тіркеу керек.
• пойыз электронды билетте көрсетілген станциясынан кетіп қалды.
1. Пойыз жүргеннен кейін бір сағаттың ішінде вокзалдың билет кассасынан қайтарылғаны туралы түбіртекті алыңыз;
2. Ақшаны қайтаруға жазбаша өтінішті ілеспе құжаттарымен бірге толтырыңыз.
Егер пойыз электронды билетте көрсетілген станциядан жүріп кеткен сәттен бастап 1 сағаттан көп уақыт өтсе, билетті қайтару мүмкін емес.
Сомасы мен билетті қайтару мерзімін тасымалдаушы белгілейтінін назарға алыңыз.
Жаңартылды 10.07.2025Қолданушылардың 55% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Т/ж билеттері