• Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Travel сервисін→ Профиль → Менің eSIM-дерім → eSIM сатып алу деп ашыңыз.

     

    Елді немесе аймақты көрсетіңіз.

     

    Тарифті таңдаңыз. Дайын танымал пакеттердің бірін қоса аласыз немесе қажетті күндер мен гигабайт мөлшерін көрсетіп, өз пакетіңізді жинай аласыз.

     

    eSIM тарифін Kaspi Gold-пен немесе Kaspi Бонуспен төлеуге болады. Содан кейін сізге Kaspi.kz қосымшасында eSIM-нің ресімделгені және іске қосуға дайын екені туралы хабарлама келеді.

     

    Содан кейін Kaspi Travel → Профиль → Менің eSIM-дерім деп өтіңіз, қажеттісін таңдап, «eSIM-ді жолдау» дегенді басыңыз. Экранда QR-код шығады – басқа адамнан оны сканерлеуін, «eSIM қосу» дегенді  басып, экрандағы әрекетті орындауын өтініңіз.

     

    Қажет болса, QR-ды смартфоныңыздағы кез келген мессенджер немесе электрондық пошта арқылы жіберуге болады.

     

    Саяхаттайтын елге келгеннен кейін eSIM-ді іске қосқан адам оны телефон баптауынан таңдап, роумингті қосуы керек. Содан кейін ол мобильді интернетке қосылады.

     

    Жаңартылды 24.09.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?