eSIM — бұл Kaspi Travel-дегі ыңғайлы сервис, оның көмегімен шетелде үнемі байланыста бола аласыз және интернетті пайдалана аласыз.
Енді әуежайда жергілікті байланыс операторларын іздеудің, кезекте тұрудың және ресімдеуді күтудің қажеті жоқ.
Kaspi.kz қосымшасында елді және қажетті күндер мен гигабайт мөлшері бар тарифті көрсетіп, содан кейін смартфонға eSIM электрондық сим-картасын орнатып, іске қоссаңыз болғаны. Шетелге келгеннен кейін мобильді интернетті пайдалана аласыз, әлеуметтік желілерде өз әсеріңізбен бөлісіп, жақындарыңызбен хат жазыса аласыз.
eSIM-ді кез келген уақытта: сапар алдында немесе саяхатта жүргенде сатып алуға болады.
Сервис әлемнің 200-ден астам елінде жұмыс істейді. Олардың арасында Түркия, Египет, Вьетнам, Тайланд, Қытай сияқты танымал бағыттар мен басқа да көптеген елдер бар.
Сізге ыңғайлы болу үшін Kaspi Travel-дегі eSIM-де дайын тарифтік жоспарларды таңдауға болады, сондай-ақ қаласаңыз, сапарыңыздың ұзақтығына және қажетті трафик көлеміне қарай жеке пакетіңізді жинау мүмкіндігі қарастырылған. eSIM-нің ақысын Kaspi Gold-пен немесе Kaspi Бонуспен төлеуге болады.
eSIM-іңіздегі қалған интернетті кез келген уақытта Kaspi.kz қосымшасында тексере аласыз.
Жаңартылды 24.09.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
eSIM