Иә. Егер сізде қайтарылатын тариф болса, қайтаруға болады, бірақ оны бірінші ұшудан кейін ғана жасауға болады. Кері билетті қайтару үшін Kaspi Travel → Сапарларым → Билет мәліметтері → Қайтаруды ресімдеу деп өтіңіз.
Билетті қайтару сомасы мен мерзімін әуе тасымалдаушысы белгілейді. Төлем тәсіліне байланысты ақша Kaspi Gold шотыңызға аударылады немесе Kaspi Бонуспен қайтарылады. Егер билетті несиеге сатып алсаңыз, қаражат оны өтеуге жұмсалады.
Сондай-ақ, егер тариф мүмкіндік берсе, ұшу күнін екі жаққа да өзгерте аласыз. Kaspi Travel сервисінде Сапарларым → Билет мәліметтері → Күнін ауыстыру деп өтіңіз.