Иә. Рейсті алып тастаған кезде кез келген тарифтегі билетті тегін қайтара аласыз. Бұл үшін Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Travel → Сапарларым сервисінде қажеттісін таңдаңыз. «Билеттің мәліметтері» және Қайтаруды ресімдеу деп басып, «Әуекомпаниясы рейсті өзгертті немесе алып тастады» деген себепті көрсетіңіз.
3 сағаттың ішінде сізге Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Travel-ден қайтару шарттары бар хабарлама келеді. Қайтару шарттарын растағаннан кейін, ақша қаражаты әуекомпаниясына түсе салысымен сома шотыңызға аударылады. Бұл туралы Kaspi.kz қосымшасына хабарлама келеді.
Егер билет кредитке сатып алынған болса, ақша кредитті мерзімінен бұрын өтеуге жіберіледі.
Назар аударыңыз: қайтару шарттарын әуе тасымалдаушысы белгілейді.
Жаңартылды 26.08.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Ұшақ билеттері