• Егер рейс алып тасталса, сізге Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Travel-ден хабарлама келеді. Онда жаңа ұшу уақыты, келу орны және рейс нөмірі көрсетіледі. Сондай-ақ бұл, ақпарат Kaspi Travel сервисінде → Сапарларым бөлімінде қолжетімді болады.

     

    Рейс алып тасталған жағдайда, кез келген тариф бойынша билетті тегін қайтаруға немесе айырбастауға болады. Ол үшін «Билет мәліметтерінде» «Күндерді ауыстыруды» немесе «Қайтаруды ресімдеуді» таңдаңыз және экрандағы әрекеттерді орындаңыз.

     

    Әуе компаниясынан ақша Kaspi Travel-ге түскен кезде, ақша шотыңызға түседі. Шоттың толықтырылғаны туралы Kaspi.kz қосымшасына хабарлама келеді.

     

    Билет кредитке сатып алынған жағдайларда ақша кредитті мерзімінен бұрын өтеуге жіберіледі.

     

    Егер рейс басқа уақытқа ауыстырылып, жаңа шарттар сізге қолайсыз болса, билетті әуе тасымалдаушының ережелеріне сәйкес айырбастауға немесе қайтаруға болады. Бұл ережелер әуе компанияларының сайттарында жарияланған.

    Жаңартылды 26.08.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?