• Қайғырып көңіл айтамыз.

    Көп жағдайда жақын туысы: ата-анасы, жұбайы, балалары, аға-інілері немесе апа-сіңлілері қайтыс болған кезде әуе компаниялары билеттің толық құнын қайтарады.

    Kaspi.kz мобильді қосымшасында билетті қайтаруды ресімдеу үшін Kaspi Travel сервисінде «Сапарларым» өтіп:

    • қажетті билетті көрсетіңіз;
    • «Қайтаруды ресімдеуді» басыңыз;
    • себебін таңдаңыз — «Жолаушының қайтыс болуы» немесе «Жақын туысының қайтыс болуы»;
    • қайтыс болғанын мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаның суретін немесе скринін, сондай-ақ туыстықты растайтын құжатты тіркеңіз:
      • неке қию туралы куәлік,
      • туу туралы куәлік,
      • бала асырап алу туралы соттың шешімі.


    Содан кейін бірден қайтару мәртебесі бар хабарламаны экраннан көресіз.

    Сомасы мен билетті қайтару мерзімін әуе тасымалдаушысы белгілейтінін назарға алыңыз.

    Жаңартылды 12.08.2021
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?