Иә. Төменде аталған жағдайларда әуе компаниялары қайтарылмайтын билет үшін де ақшаны қайтаруы мүмкін. Ол үшін растайтын құжаттар қажет:
- жолаушының немесе оның жақын туысының сырқаттанып қалуы
Жолаушының немесе оның туысының денсаулық жағдайы туралы анықтама және туыстығының дәлелі.
Анықтаманы ресімдеуге және мазмұнына қойылатын талаптарЖалпы Жеке Медициналық мекеменің фирмалық бланкісіндегі атауы және байланыс деректері көрсетілген анықтама Scat — анықтама немесе жабылған еңбекке жарамсыздық парағы
VietJet Qazaqstan — 027/е немесе 026/е нысаны бойынша анықтамаҰшақта ұшудың мүмкін еместігі туралы қорытынды — диагнозы және қарсы көрсетілімдер болуы тиіс Ұшу күніне сәйкес келетін сырқаттану күндері және анықтама берілген күн көрсетілуі тиіс Емдеуші дәрігердің және бөлімше меңгерушісінің не бас дәрігердің тегі, лауазымы, мөрі және қолы көрсетілуі тиіс Scat — емдеуші дәрігердің, бөлімше меңгерушісінің және бас дәрігердің 3 мөрі мен қолы болуы тиіс Егер анықтама басқа тілде берілсе, орыс немесе қазақ тіліндегі нотариатта куәландырылған аудармасы болуы тиіс Шетелдік әуе компаниялары үшін — ағылшын тіліне аудармасы болуы тиіс
- жолаушының немесе жақын туысының қайтыс болуы
Қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама.
- виза беруден бас тарту
Консулдықтың жауабы тіркелген ресми хат.
Өтінімді ресімдеу кезінде Kaspi.kz.қосымшасында қажетті растайтын құжаттың фотосуретін немесе скан-көшірмесін тіркеңіз.
Содан соң сұрату әуе компаниясына жіберіледі.
Назар аударыңыз: қайтарылатын сома мен қайтару мерзімін әуе тасымалдаушы белгілейді.
Сізге өтінім бойынша шешім жазылған хабарлама Kaspi.kz қосымшасына келеді.
Жаңартылды 26.08.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Ұшақ билеттері