Ваучер – билет сомасына берілетін электрондық құжат. FlyArystan әуе компаниясы оны қайтаруды ресiмдеген кезде бередi.
FlyArystan ваучері осы тасымалдаушының ұшақ билеттерінің құнын азайту үшін Kaspi Travel сервисінде автоматты түрде пайдаланылады. Егер бағасы жоғары болса, айырмасын қосымша төлеу керек, ал егер төмен болса, қалған ақша жаңа ваучер түрінде қайтарылады.
Сондай-ақ FlyArystan ваучерлерін әуе компаниясының сайтында пайдалануға болады.
Қолданылу мерзімі — алған сәттен бастап 3 ай.
Барлық ваучерді, олардың құнын, нөмірін және басқа да деректерді Kaspi Travel сервисіндегі → Профиль бөлімінен көре аласыз. Ваучермен тек ол берілген адамның атына билет алуға болады.
Назар аударыңыз: 2026 жылғы 27 тамыздан бастап «Тиімді» тарифі бойынша ресімделген FlyArystan билеттері толық қайтарылмайды.
Егер сіз ваучерді бұл күнге дейін алған болсаңыз, оны 3 ай ішінде Kaspi Travel сервисінен билет сатып алу үшін пайдалана аласыз.
Жаңартылды 04.09.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Ұшақ билеттері