Иә. Рейсті алып тастаған кезде кез келген тарифтегі билетті тегін ауыстыра аласыз. Бұл үшін Kaspi Travel → Сапарларым сервисінде қажеттісін таңдап, «Билеттің мәліметтері» → Күнін ауыстыру деп басыңыз.
Билетін ауыстырғыңыз келген жолаушы мен бағытты белгілеңіз, себебін «Әуекомпаниясы рейсті өзгертті немесе алып тастады» деп көрсетің, ұшатын жаңа күнді таңдаңыз. 3 сағаттың ішінде сізге Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi қолжетімді ұшу нұсқалары бар хабарлама келеді. Қажеттісін таңдап, «Жалғастыру» деп басыңыз.
Бір сағаттың ішінде Kaspi.kz мобильді қосымшасында жаңа электрондық билетпен хабарлама келеді.
Сізге ұшудың ерекше шарттары қажет болса, «Түсіндірме» жолын толтырып, ауыстыруға өтінім жіберіңіз.
Назар аударыңыз: дәл сол әуекомпаниясының рейстеріне ғана күнді ауыстыруға болады, ауыстыру шарттарын әуе тасымалдаушысы белгілейді.Жаңартылды 24.06.2025Қолданушылардың 89% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Ұшақ билеттері